joomla 1.6

Журнал «Транзит.Кz»

 

  • Более 12 лет успешной работы!
  • Все ключевые события в стране и в мире
  • Информация на русском и казахском языках
  • КОММЕРЧЕСКОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ

 

Подробнее...

Транзитная реклама

Акция:

при подписании годового контракта – скидка 20% 

Подробнее...

Контактная информация

Адрес:050008 г.Алматы,ул.Манаса 22Б,оф.36 ТОО"Алемтранзит" 
Тел: 8 727 379-90-70

Тел в Астане: 8(7172)600-590

Посмотреть на карте...

Инфрақұрылым

Туризмнің даму кепілі – жол бойындағы бизнес

 

«Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс»

(«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан)


Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында елдегі инфрақұрылым дамуына ерекше басымдық берген. Қазақстан Еуразия орталығы мен әлемдік эконамиканың екі полюсында орналасқан. Бұз еліміздің өз транзиттік потенциялын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

Қазір барлық өңірлерде халықаралық транзиттік дәліздер жүйесіне кіретін дамыған жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға күш салынып жатыр. Соның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін пайдалануға берілумен бірге Ақтөбе облысына кіретін жолдар бойындағы сервиске инвесторларды тарту жұмыстары жандандырылды. Еуропа мен Азияны байланыстыратын жол бойындағы қызмет көрсету орындарын заманауи қалыпқа енгізудің маңызы артты.

Бүгінгі күні бұл трассаның Ақтөбе облысы аумағына тиесілі бөлігінде 125 жол сервисі объектілері тіркелген.

Бердібек Сапарбаев: тиісті инфрақұрылымның болмауы – туризмді тежейді

Ақтөбе облысында Бердібек Сапарбаевтың басқаруымен халықаралық транзиттік дәліз бойындағы туризмді дамыту мен жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі талқыланған жиын өтті. Өңір басшысы туристер санының артып келе жатқанын тілге тиек етті.

 

– 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында облыстағы қонақ үйлер мен хостелдерде 54 мың мейман тіркелген. Туризмнің осы түрі экономиканың маңызды құраушысы. Мәртөк, Қобда, Ырғыз, Байғанин аудандарының келешегі бар. Егер олардың көрікті жерлерін дәріптеумен жұмыстансақ, келушілер аз болмайды. Мәдени-тарихи туризмнің дамуын баяулататын маңызда мәселелер – өлкенің көрікті жерлерін дәріптеу жұмыстарының нашар болуы мен қызмет көрсету мәдениетіміздің төмендігі болып табылады. Біз жолдарды көбірек салып жатырмыз, бірақ жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың жартысы стандартқа сай емес», –дейді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі өңірдегі жауапты мамандарға туристер санын арттыру үшін қызмет көрсету мәдениетін күшейтуді тапсырды.

– Қызмет көрсету мәдениеті әлі де жақсартуды талап етеді. Бұл мәселе іс жүзінде нөлдік деңгейде. Қызметкерлерді әдептілікке үйрету керек. Бізде тоқсаннан астам қонақ үйлер мен мейманханалар бар, бірақ, жазылған пікірлерге қарасақ, олардың бір де біреуінде не қызметтер, не жақсы нөмірлер, не жөнді тамақтар жоқтың қасы, – деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі қызмет көрсету мәдениетінен бастап, асхана, демалыс орындары, дәретхананың өзін халықаралық стандартқа сай қалыпқа келтіруді тапсырды.

Жол бойындағы бизнес нысандары картаға енгізіледі

Облыс әкімінің сынына байланысты жұмыс жасалатынына уәде берген мамандар жол бойындағы қызмет көрсету сервистерінің жартысы да ұлттық стандартқа сай келмейтінін мойындады. Сонымен қатар, жол бойындағы туристерді тартудың бірден бір жолы ақпараттық мүмкіндікті арттыру екені айтылды. Халықаралық жолдардағы тамақтану орны, жанар-жағармай бекеті секілді әртүрлі қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат интернет құрылымынан табылса, жолаушыларға кедергісіз саяхат ұйымдастырудың бірден бір мүмкіндігі болып табылады. Осы орайда Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында көрсетілетін сервисі объектілерінің дамуы қарқыны туралы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы директоры айтып берді.

– Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы созындысы 1897 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда облыс аумағында 125 жол сервисі объектілері тіркелген (53 жанар-май құю бекеттері және 72 тамақтану мен сауда пунктілері, техникалық жөндеу станциялары, мотель) және осы объектілерде шамамен 1,5 мыңдай адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҚазАвтоЖол» компаниясымен орындары белгіленген барлығы 260 объектінің 165 объектісі (64%) Ұлттық Стандартына сәйкестендірілді, –дейді «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы директоры Марат Махамбетов.

Ақтөбе облыстан ұзындығы 619 шақырым болатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтеді. Дәліздің бойында 49 жол сервисі объектісі орналасқан, олардың 34 немесе 62% Ұлттық стандартқа сай келеді.

– «Ақпараттық заманда интернет қолжетімділігі артты. «Google Maps» және «Яндекс.Карты» қосымшаларында фото-суреттері көрсетілген жол сервисі объектілерін жол пайдаланушылары қарап отыруға мүмкіншілік бар. Мысалы, Әйтекеби ауданындағы «Маяк» және «Нұрлы жол» кемпингтері. «Яндекс.Картыларына» бұл объект туралы келесідей ақпараттар енгізілген. Хромтау ауданындағы «Аманат», Мәртөк ауданындағы «Нұр» кемпингтерінің картада координаттары, иесінің аты-жөні, көрсететін қызмет түрлері, кемпинг фотосы және байланыс телефоны сияқты ақпараттар көрсетілген. Ағымдағы жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып және ауқымы кеңейеді. Ұлттық стандартқа сай келетін жол сервисі объектілері Халықаралық автомобиль көлігі одағының (IRU) Transpark картасына енгізілетін болады, – деді Марат Махамбетов.

Жол жақсарды, жолдағы бизнес еңсеңді сен де тікте!

Сапалы жол кәсіппен айналысуға бел буған адам үшін таптырмас мүмкіндік. Өңір басшысы жол сапасының жақсарғанын айтып, жол бойындағы бизнес еңсесін көтеруді тапсырды. Тіпті, салт-дәстүріміздің ұтымды тұстарын тиімді пайдаланып, ұлттық тағамдарды ұсыну керектігі айтылды.

– Қазақы қонақжайлылық пен биязылық, дархандық пен кеңпейілділік жолдағы кешендерді ашу кезінде есіктен кіре бірген әр адамға менмұндалап көрінуі маңызды. Талап бойынша А категориясына жататын қызмет көрсету орындарында жатын орны 25-тен кем болмайтын қонақ үй, гигиеналық тазалық бөлмесі, жанар-жағармай бекеті, дүкен мен қоғамдық тамақтану орны, көлікке техникалық қызмет көрсету, жуу орталықтары, жеңіл, жүк көліктері мен автобустарға арналған автотұрақ, сауда-ойын сауық кешені мен медициналық қызмет көрсету бекеті, далалықта көңіл көтеру орны болуы шарт. Барлығы заманауи үлгімен жабдықталуы қажет. Ал өзге В, С, D категорияларында бұл талаптар мен міндеттер азаяды. «Жол бойындағы бизнесті дамыту, бәсекелестікті арттырудың маңызы жоғары. Себебі, осы саланы дамыту арқылы жүк тасымалын арттырып, қосымша жұмыс орындарын аша аламыз, – дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова.

Бұған дейін жол бойына кемпинг, шайхана мен демалыс орындарын салған кәсіпкер бизнесін халықаралық талапқа сай өзгертуі қажет екені айтылды. Енді республикалық жолға салынатын кешендер Ұлттық стандартқа сай болуға тиіс.

– Ешбір ел өз жүгі мен адамын белгісіз аймаққа жібермейді. Сондықтан біз жолаушылар мен тасымалдаушылар үшін жол бойына жоғары санатты кешен салуымыз керек. Соңғы 5 жылда тасжолдағы тасымал бірнеше пайызға артты. Бұл біз үшін жаңа міндеттер жүктейді, – дейді «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы директоры Марат Махамбетов.