joomla 1.6

Журнал «Транзит.Кz»

 

  • Более 12 лет успешной работы!
  • Все ключевые события в стране и в мире
  • Информация на русском и казахском языках
  • КОММЕРЧЕСКОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ

 

Подробнее...

Транзитная реклама

Акция:

при подписании годового контракта – скидка 20% 

Подробнее...

Контактная информация

Адрес:050008 г.Алматы,ул.Манаса 22Б,оф.36 ТОО"Алемтранзит" 
Тел: 8 727 379-90-70

Тел в Астане: 8(7172)600-590

Посмотреть на карте...

Халықаралық ынтымақтастық

Транзит әлеуетіне тың серпін

Ірі әлемдік порт операторы DP World араб компаниясымен «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының арасында Ақтау теңіз сауда порты мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арныйы экономикалық аймағы басқару бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына биыл бес жыл.

Тараптар Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін дамытуға қосымша серпін береді деп күтілген аталған құжат арқылы өзара ынтымақтастықтың көкжиегі кеңи түсеріне сенім білдірген. DP World компаниясының басқарма төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем келісім шеңберінде өздерінің Джебель Али арнайы экономикалық аймағы мен порттарда сәтті жүргізген логистикалық, индустриалдық және сауда операциялары бойынша бай тәжірибесін Қазақстанда қолданатындықтарын айтқан. Озық технологияларын қазақ жеріне әкеле отырып, «Қорғасты» Еуразиядағы ірі логистикалық орталыққа айналдыруға, қысқа мерзімде қазақстан-қытай шекарасында жобаны жүзеге асыруға ниетті екендіктерін жеткізген. Шетелдік мамандар аталған екі жобаның да әлеуеті жоғары деп бағалайды. Көліктік-логистикалық орталықтар табыстылығының басты элементі жақсы дамыған инфрақұрылым екені белгілі, бұл шетелдік бизнес пен инвестиция тартуға басты кепіл. Осы жайында Сұлтан Сулайемнің өзі: «Қазақстан экономикасы өсіп жатқан Қытай мен Еуропа нарығы арасында өте қолайлы жерде орналасқан. Оған қоса Қазақстан басшысының сыртқы саясаттағы қадамдары нық», – деп атап өткен.

 

Қазақстанның экспорттық-транзиттік әлеуетін Еуропа аймағында арттыру, жаһандық логистика саласында құзыретін дамыту, шетелдік инвестиция тарту үшін құрылған «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да аталған келісім бойынша 2015 жылдан бастап жұмыстар жүргізіле бастады. Келісімге сәйкес, DPW өз қызметкерлерін Қазақстан аумағына тартып, тәжірибелерімен бөлісуге шақырды. Олар сонымен қатар шетелде жүрген қазақстандық мамандарға тренингтер ұйымдастырды. Дубай, Үндістан еліне оқуға жіберілген мамандар ішкі үдерістермен танысып, жаңа біліммен оралды. Сондықтан бұл келісімнің ең басты құндылығы да – осы тәжірибе алмасу, ынтымақтастық.

Жобаның бірінші кезеңі бойынша араб компаниясы құрылыс пен өз қызметкерлерін тартуды жүзеге асырса, екінші кезеңінде жаңа клиенттер тартумен айналысты. Ол үшін «Қорғас» АЭА жобасын шетелдегі әріптестеріне таныстырды. Барлық жүк тасымалының операциялары Дубай, Австралия, Гонконгтағыдай халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі. Сөйтіп жүк жеткізілімдерінің үдерісі толығымен өзгертілді. Бұл туралы DP World коммерция жөніндегі бас директорының орынбасары Хишам Белмааши журналистерге берген сұхбатында мәлімдеп, аталған АЭА-та темір жол тасымалы арқылы жүк жеткізу теңіз бен әуе көліктеріне қарағанда тез әрі арзанға түсетінін айтқан.

Биыл маусым айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен DP World компаниясы арасында ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтіп, сауда мен логистика үшін бірыңғай электронды тереземен басқаруды (PCS) енгізу туралы шекті келісімге қол қойылды. Бұл келісім логистика үдерістерін автоматтандыру, Қазақстанның барлық логистикалық орталықтарын, теңіз және құрғақ порттарды бірыңғай көліктік-логистикалық желіге біріктіруге бағытталған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың сөзіне қарағанда, PCS жүйесін енгізу арқылы жүк ағыны қызметінің жаңа сапалы деңгейіне қол жеткізілмек. Яғни, бұл қағазбасты құжат айналымын азайтып, барлық көлік және жүк үдерісіне қатысушыларға нақты және заңды ақпарат беру есебінен операциялар мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік бермек. Бұл жүйе Қазақстанды халықаралық сауданы дамыту стратегиясына жақындатып, әлемдік стандарттар шеңберінде ақпараттар алмасуына жағдай жасайды.

Маңғыстау облысының транзиттік әлеуетін логистикалық хаб ретінде дамыту үшін биылғы жылдың наурыз айында «Ақтау теңіз порты» АЭА мен DP World компаниясының арасындағы стратегиялық әріптестік туралы екіжақты келісімге қол қойылғаны белгілі. Осыған орай Dubai Port World (БАӘ) ірі порт операторының басқарушы директоры Ризван Соомар (Rizwan Soomar) Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановпен де кездесіп, соның барысында өңірде қолданыстағы теңіз айлақтарын басқару тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастық, көлік-логистикалық жүйені жаңғырту және дамыту саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланған.

Ал биыл тамыз айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев DP World компаниясының басқарма төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайеммен кездесті. Сонда шетелдік әріптес Қазақстанда трансұлттық тасымалдаушылардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалғаны үшін алғыс білдіріп, өз тұтынушыларының мақсаттары мен қажеттіліктері үшін Ақтау портының жұмысына мүдделі болып отырғанын жеткізген.

– Сіздер әлемдегі 78 терминалды басқарып, 6 құрлықтағы 42 елмен жұмыс істейсіздер. Біз үшін сіздердің мол тәжірибелеріңіз аса маңызды, сіздермен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, – деп Қазақстан Президенті DP World компаниясының басшысына өзара тиімді ынтымақтастық жолында зор табыс тіледі.

Өз кезегінде DP World басшысы Құрық порты мультимодальды терминалының іске қосылуына жоғары баға берді. Сұлтан Ахмед бин Сулайемнің айтуынша, инфрақұрылымға қаржы салмай, Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ осы өңірде экономикалық тұрғыдан жетістікке жету мүмкін емес.

Әлемдік ірі порт операторымен арадағы ынтымақтастық нәтижесі зор боларына сенім мол. Алдағы уақытта да көптеген ортақ жетістіктерді баяндайтын боламыз.