joomla 1.6

Журнал «Транзит.Кz»

 

  • Более 12 лет успешной работы!
  • Все ключевые события в стране и в мире
  • Информация на русском и казахском языках
  • КОММЕРЧЕСКОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ

 

Подробнее...

Транзитная реклама

Акция:

при подписании годового контракта – скидка 20% 

Подробнее...

Контактная информация

Адрес:050008 г.Алматы,ул.Манаса 22Б,оф.36 ТОО"Алемтранзит" 
Тел: 8 727 379-90-70

Тел в Астане: 8(7172)600-590

Посмотреть на карте...

Қазақстан рельстері Еуропа елдерінде сұранысқа ие

Жылына 430 мың тонна өнім беретін Ақтөбе облысындағы  рельс-арқалық зауытының Қазақстанда баламасы жоқ. Әлемде «МЕЧЕЛ» және «ЕВРАЗ» секілді ірі металл өндіретін алпауыт компаниялармен бәсекелес түрде рельс шығарып отырған кәсіпорынның өнімдері жоғары сапаға ие.  Алпауыт мекемеде 700-ден астам адам жұмыс істейді.

Өндіріс ошағының жобалық қуаттылығы жылына 430 мың тонна. Оның ішінде 200 мың тонна рельс және 230 тонна металл илегі бар.  Отандық  алғашқы өнімі Астана теміржолына төселген. Қазақстандағы үздік ондыққа кіретін кәсіпорын мүмкіндігі туралы  жалпы мәселелер бойынша бас директорының орынбасары Марат Ибрагимов таныстырды.

120 метрлік рельс пойыз жылдамдығын күшейтеді

Теміржол  Қазақстанның заманауи экономикасын қалыптастыруда елеулі рөлге ие. Республиканың орасан зор аумағын, көптеген өндіріс салаларындағы ауқымды жүк көлемдерін ескерсек, көліктің бұл түрі мемлекеттігіміздің негізгі тұғыры,  еліміздің өндірістік күшін тұтастай біріктіріп тұр.

 

2004 жылы Қазақстан темір жолдарының 100-жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының Президенті  ерекше атап көрсетіп: «Ғасырлық тарихы және ертеден келе жатқан сара жолы бар Қазақстанның теміржол көлігі – бұл ел экономикасының берік және сенімді іргесі», – деген болатын.

Осыған байланысты,  2013 жылы Ақтөбе қаласында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» құрыласының іргетасы қаланды. Оның сыртқы инфрақұрылымын салу Ақтөбе облысы әкімдігінің жергілікті және республикалық бюджеті есебінен жүргізілді. 2016 жылдың 6 маусымында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ресми түрде іске қосылды.

– Бізге негізгі тапсыпсырыс беруші – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы. Компания біздің ортақ құрылтайшымыз болып саналады. Жылына 100 мың тонна рельс алады. Біздің ең алғашқы өнім Астана теміржол вокзалына төселді. Зауыт 120 метрлік рельс шығару мүмкіндігіне ие. Мұндай ұзындықта рельс посткеңестік аумығанда жасалынбайды. Теміржолда жалғанған бөліктер неғұрлым аз болған сайын экономикалық жағынан тиімді келеді. Кедергісіз рельстерде дыбыс та аз болады, – дейді Ақтөбе рельс-арқалық зауыты бас директорының жалпы мәселелер бойынша орынбасары Марат Ибрагимов.

Жаңа технология жоғары мүмкіндік 

120 метрлік жоғары сапалы рельстер кәсіпорын ерекшелігі саналады.  Оның жоғары жылдамдығы қозғалыс желілерінде және жүктелімі аса жоғары желілерде қолдануға қолайлы. Ұзындығы жалғастырушы жіктердің санын азайтады, бұл өз кезегінде қауіпсіздікті арттырады және қозғалмалы құрамның рұқсат етілген жылдамдығын өсіруге ықпал етеді.

–  Бұл беріктігі жоғары болатын жаңа рельс түрі. Ұзынырақ рельстерді және рельстік дәнекерлеу сабақтарын қолдану нәтижесінде пойыздар қозғалысының кедергісі төмендейді, қозғалмалы құрамның тозуы азаяды және жол күтіміне шығындар төмендейді. Осы ретте жалғамалары жоқ жолға көшкен жағдайда пойыздар қозғалысының кедергісі 5 – 7 % азаяды, жалғама жіктерінің болмауы есебінен бір шақырым жолдан төрт тоннадай металл үнемделеді, – дейді мекеме қызметкері.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» – бұл Қазақстандағы дифференциалды термо-нығайтылған жоғары сапалы рельстер және орта пішінді илек шығаратын бірегей кәсіпорын. «Primetals Technologies Italy S.r.l. илек орнағы және италиялық компания мамандары тарапынан илек технологиясының бақылануы халықаралық өнімнің жоғары сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттырады. Өндірісте металлды шынықтырудың бірегей технологиясы қолданылады, салдарынан өнімнің тозу төзімділігі артқан.

Отандық рельстер әлем елдерінің жолында

Ақтөбе рельс-арқалық зауытында шығарылатын өнімнің барлығы халықаралық стандартқа сай келеді. Биыл да айтарлықтай көлемдегі өнімді экспорттауға келісім бар.

– Рельстер Түрікменстанға, Өзбекстанға, Ресейге, Беларуське экспортталады. Сонымен қатар, Әзербайжан, Ауғанстан елдерімен келісімшарттар жасалып жатыр. Қуаттылығы жағынан 430 мың тонна болатын зауыттың Қазақстанда баламасы жоқ. Еуропалық стандарттағы 60Е1 – 60Е2 рельстерін шығарып жатырмыз, – деді Марат Ибрагимов.

Ақтөбеде шығарылған рельстер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде кең қолданылып жүр. «Алматы – Шу» бағыты, Құрық теңіз портының құрылысы мен Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалының құрылысы кезінде де отандық өнім пайдаланылғанын білеміз.

Қалдықсыз тауар: өндірістен шыққан су ішуге жарамды

Халықаралық талапқа сай өндіріс ошағы Қазақстан экономикасының «жасыл» инвестициясы саналады. Онда алғашқы ағын сусыз өнеркәсіптік өндіріс технологиясы ұйымдастырылған. Бұл дегеніңіз өндірісте қолданылатын су көлемі 70 пайызға дейін үнемделеді. Өндірісте пайдаланылған үрлеу сулары қажетті тазартудан өткен соң зауытқа қайта жіберіледі.

Судайындау қоңдырғы құрылыстарының тұздалған науалар кері осмос қондырғыларында тазартылады. Қоймалжын вакуумдық-булау қондырғыда кристалданған тұздар күйіне дейін қайнатылады. Сол ретте алынған дистиллят өндіріске қайтарылады.

Мұндай қалдықсыз жұмыс жасайтын ерекше өндірісті зауыт Қазақстаннан бір жыл бұрын Қытай елінде ашылған болатын. Біздің негізгі бәсекелесіміз «Eвраз» және «Мечел» компаниялары. Онда да өнім ауа қысымымен жасалынады.

– Өндірісте ауа қысымы мен су ерітіндісін қатар пайдалану арқылы шығарылған рельстердің сапасы өте жоғары болады. Біз бірегей компаниямыз – калдық суды өңдеп пайдаланатын металлургиялық өндіріс. Зауытымызда қалдық суды өңдеуге арналған арнайы цех жұмыс жасап тұр. Осы цехте қолданылатын заманауи технологиялар өте қойылтылған қалдық суларды өндіріс үдерісінде алынған әр-түрлі қоспалардан тазартуға мүмкіндік береді. Осылайша тазартылған су зауыттың сумен жабдықтау жүйесіне түгел қайтарылады, – деді бас директорының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары.

Сонымен қатар зауыт электр қуатымен өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Артылған қуатты орталықтандырған электр жүйесіне жібереді. Бұл байланыс компанияға белгілі мөлшерде кіріс те әкеледі.  

700-ден аса жұмысшы тегін тамақтанады

Зауыт 700-ден астан адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кадр жетіспеушілігі барлық жерде бар. Қазіргі уақытта осында Ресейден, Украинадан арнайы шақырылған мамандар жұмыс жасайды. Білікті мамандар зауыт қызметкерлерін оқытады. Себебі, компанияда жастар көп.

– Мамандарымыз Италия, Ресей, Қазақстан қалаларында оқып жатыр. Компанияда еңбек етемін деген жастар үшін барлық жағдай жасалған. Жұмысшылар тегін тамақтанады, ақысыз тасымалдау да қарастырған. Жұмысшылардың балалары лагерьмен қамтамасыз етілген. Олардың  екі маусымдық киімдері, медициналық тексерістері тегін, – дейді Ақтөбе рельс-арқалық зауыты бас директорының жалпы мәселелер бойынша орынбасары Марат Ибрагимов.

Көптеген сарапшылар «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС шығаратын өнім сапасы жоғары екенін растайды.  Алпауыт компания бүгінгі күні әлемдегі ең үздіктердің қатарында. Бірақ кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмай, шығарылатын өнім сапасын әрі қарай жақсарту, сұрыптаманы кеңейту және жыл соңына дейін жаңа өнім түрлерін игеруді жоспарлап отыр.